«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 356 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 356 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 185 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік сұранымды жасау, ұсыну, қарау қағидаларында:

2-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және мынадай ақпаратты қамтиды:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің коды және атауы;

2) жетекшілік ететін саладағы (аядағы) мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары;

3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік құқықтық негізі;

4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер туралы мәліметтерді;

5) жауапты орындаушы немесе бірлесіп орындаушы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып табылатын, қызметтің күтілетін нәтижелері көрсетілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесін;

6) функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді іске асыруға жоспарланған шығыстар көлемдерінің немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының қысқаша сипаттамасы.»;

7-тармақта:

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, іс-шаралары көрсетілмейтін мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік бағдарламаны қоспағанда, бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, олардың нәтижелері мен жоспарланатын шығыстар көлемдері көрсетілген іс-шаралар.»;

екінші бөлігі алынып тасталсын;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.